Саясат
A-Parking автотұрағы түнгі уақытта ақылы болуы мүмкін. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасында өткен қоғамдық тыңдауда айтылды
Қаладағы ақылы автотұрақ ұйымдарымен айналысатын "Алматы СпецТехПаркинг" мекемесі тұраққа сараланған тариф енгізуді ұсынып отыр. Оның ішінде түнгі уақытта тұрақты ақылы ету де бар.
Кешкі 19.00-ден таңғы 08.00-ге дейін формальдылық үшін минимал мөлшердегі тариф қою ұсынылды. Бұл халықтан тұрақ үшін алым жинайтын адамдармен күрес үшін жасалып отыр. Оларға төлем жасаған жүргізушіге айыппұл жазылады. Бұған жол бермеу үшін олар мемлекетке төлеп, салықтарды шегеріп тастайды. Қазір бұл ұсыныс қаралып, түрлі нұсқалар талқыланып жатыр. Шешімді қала басшылығы қабылдайды, - деді қалалық мобильділік басқарма жетекшісінің орынбасары Қанат Байқоңыров.
Бұған дейін Алматыда көлік көп болатын жердегі тұрақтың тарифын көтерілуі мүмкін екені айтылған болатын. Ондай жерде сағатына төлейтін ақы 50 теңгеге көтеріледі деп жоспарланып отыр. Ал салыстырмалы түрде көлік аз болатын жерде тариф бағасын сағатына 50 теңгеге азайту ұсынылған.
Алматыда ақылы тұрақтардың бірыңғай жүйесі 2016 жылдың жазында іске қосылды. Қалада A-Parking-тің 11 мыңға жуық автотұрағы бар. 2020 жылдың ортасына дейін тағы 800 орын жабдықтау жоспарланып отыр. Ал келер жылдың соңына дейін олардың саны 14-15 мыңға жетуі мүмкін.