Weekend
Цифрландыру
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБілім саласындағы жемқорлыққа баратын тәуекелді төмендету, ашықтық, әділдік қағидаларын сақтау, қызметтердің халыққа қолжетімділік мүмкіндігін ұсыну, көптеген комиссиялар мен қағазбастылықтың алдын алу, адами факторларды мүмкіндігінше азайту мақсатында төмендегі жұмыстар автоматтандырылған жүйеге енгізілді.
Немесе бұл алгоритмдердің барлығын Шымкент қалалық білім басқармасының ресми порталына еніп, жоғарыдағы "Балабақшаға қабылдау", "Бірінші сыныпқа қабылдау" айдарларына кіріп, қызмет алуға болады.- Балаларды балабақшаға орналастыру үшін – garden.shymkent.edu.kz ақпараттық жүйесін, балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін – school.shymkent.edu.kz ақпараттық жүйесін, педагогтарды іріктеу мен жұмысқа алу үшін Thunter.kz порталын қолдануға болады. Ал мектепішілік бақылауды орнату үшін i-mektep жүйесі қосылған, - дейді Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Айгүл Текебаева.
2019 жылы оқушыларды қосымша білім беру мекемелеріне қабылдау, оқушылардың тегін лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау жұмыстары автоматтандырылды.
Одан бөлек, техникалық және кәсіптік білім беру саласының қызметін және аталған салада көрсетілетін 8 қызмет түрі электронды жүйге көшіру жұмыстары басталды.