Weekend
Рухани жаңғыру
Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қалай жүзеге асып жатқаны жайында сөз қозғап, білім алушы түлектердің адами капиталын көтеру бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын тоқталды.
- Әр бағдарламаның көзделген салалық жүйесі болады. Соның ішінде латын әліпбиіне көшу жобасы да бар. Халықтың латын әліпбиіне ақырындап көзін үйрету бойынша да тың тірліктер атқарылуда. Мәселен, өздеріңізге белгілі мемлекеттік рәміздерден бастап латын әліпбиіне көшу жұмыстары жүргізілген болатын. Жаңа кітаптарды енгізу арқылы да көрініс тапты. Бағдарламаның аясында «100 жаңа оқулық» ғылыми жобасы да жүйелі жүзеге асырылған. Әлемдегі танымал 100 оқулық мемлекеттік тілімізге аударылып ЖОО-на, барлық кітапханаларға таратылды. Оны танып, білу сонымен қоса өзіміздің әдебиетпен салыстыра отырып, халықтың санасын, ой-өрісін кеңейту – мұндағы басты мақсат. Дүниежүзіне белгілі клпссикалық әдебиеттерді оқыту. Біздің азаматтардың соны танып, білуінің өзі – өркениетке деген үлкен бір қадам деп ойлаймыз, - дейді Жанар Әлібекқызы.
Сонымен қатар қала көшелерінің жиегіне өткен замандағы және қазіргі кезеңдегі ақын-жазушылар мен ойшыл тұлғалардың қанатты сөздері, өлеңдері жазылған баннер, билбордтар орнатудамыз. Әр халықтың өзінің жүректі тербететін, рух беретін ұлттық коды болады. Оның бірқатары осы поэзия, қара сөз арқылы беріледі. Жырауларымыздың, ұлы тұлғаларымыздың шығармаларын оқысаңыз, ұлттық тәрбие, ұлттық құндылықтар, Отанға, елге, тілге, тарихқа деген құрмет көрініс табады. Бұл да бір тәрбиелік мәні бар іс. Сондай-ақ салт-дәстүр орталығымен де бірлескен көптеген шараларымыз жетерлік.