Weekend

Шымкентте қанша спорт нысаны бар?

Спортпен шұғылдану

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазір Шымкент қаласында 848 спорт нысаны тіркелген. Оның ішінде 3 стадион, 1 спорт сарайы, 1 құрама команданың оқу-жаттығу орталығы, 6 спорттық құрылғы кешені, 12 спорт кешені, 32 спорттық манеж, 1 есу базасы, 5 тир, 1 ату алаңы, 1 хоккей корты, 434 жазықтықты құрылғылар, 23 теннис корты, 1 ипподром, 8 бассейн, 249 спорт зал, 70 орнатылған спорт зал бар.

Халықты дене шынықтырумен шұғылдануға тарту және спорттық инфрақұрылымды кеңейту, бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту мақсатында қалада мемлекеттік жекешелік-әріптестік тетігі арқылы бірқатар спорт нысандар жұмыс жүргізуде.

Одан бөлек, Шымкент қаласының Жиелі шағын ауданындағы спорт ангардың құрылысын салу және Қазығұрт шағын ауданындағы спорт ангарының құрылысын салу жұмыстары жасалуда.

Спорт басқармасының хабарлауынша, қала аумағында спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 281 235 адамды құрап, қаладағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 27,8% құрады.

Мүмкіндігі жандар арасында спортты дамыту үшін қалада спорт клубы жұмыс жасауда. Аталған мекемеде 18 спорт түрінен 646 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жаттығуда.