Саясат

Шымкент әкімі қала тұрғындарын қабылдады

Шымкенттіктер әкімге өтініштерін жеткізді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов қала тұрғындарын қабылдады. Олар жеке мәселе бойынша әкімге өтініштерін айтты.

Қандай мәселелер қарастырылды?

Әкім шымкенттіктердің өтініштерін тыңдап, маңызды мәселелерді көтерді.

  • Азаматтарды жұмыспен қамту;
  • Әлеуметтік жәрдемақы алу;
  • Баспанамен қамту.;
  • Кәріз жүйесі мәселелері

Сонымен қатар көше, жол, газ, жарық сынды негізгі тақырыптарды қарастырды.

Шымкент әкімі шымкенттіктердің барлық өтініші мен ұсыныстарына жауап беріп, тұрғын үй мәселесіне тоқталды. Ол пәтерлер тек мемлекеттік тұрғын үй қорынан кезек бойынша берілетінін атап өтті. Сонымен бірге ол баспанаға мұқтаж жандарды «Бақытты отбасы», « Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға шақырды. Ал коммуналдық мәселелер өз ретімен шешілетінін жеткізді.