Weekend

Шымкенттің көрікті орындары: Қожа Салық кесенесі жайлы не білеміз?

Туризм

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қожа Салық кесенесі – Шымкент қаласының Сайрам тұрғын үй алабында орналасқан көне ескерткіш.

Ғимараттың екі порталы мен бір күмбещі бар. Биіктігі 7,7 метр, кесененің іргетасымен есептегенде биіктігі – 5,75 метр, күмбезі биіктігі – 3,0 метр. XVIII ғасырда күйдірілген кірпіштен соғылған кесененің бояу, бедерлері  түсіп, біраз күңгірт тартқан, келбеті солған.

Кейіннен генерал Ержан Исақұловтың демеушілігімен кесене күрделі жөндеуден өтті. Ескерткіш мемлекет қорғауына алынған.

Қариялардың  айтуынша және «Рисалай  Сайрам-Исфиджап» кітабындағы жазуға сәйкес, Қожа Салық – Әзірет Қыдыр ғалайки-саламның әкесі екен. Х-ХІ ғасырларда өмір сүрген. Ол кісі өз заманында оқымысты ғұлама болған, жалғыз жаратқанға құлшылық еткен әрі танымал билеуші болған. Оның билігі тұсында ел көркейіп, қала гүлденсе, адамдар білім алып, ғылыммен шұғылдануға мүмкіндік алған деседі. Әйелі – Бибі Ғияс ана екен.