Weekend
Полицейлер балаларға дене шынықтыру жаттығуларының кешенін көрсетті
«Полицейлер балаларға дене шынықтыру жаттығуларының кешенін көрсетті. Балалар полиция қызметкерлерімен бірге отырып-тұру, еңкею, аяқпен сермеу, секіру секілді іс-қимылдарды бар ынтасымен орындады. Жаттығудан кейін полицейлер жауынгерлік күрес тәсілдерінің элементтерін көрсетіп, балалармен қимыл-қозғалыс ойындарын ойнады. Балалар бос уақытын пайдалы әрі көңілді өткізді» делінген хабарламада. Іс-шараның мақсаты - балаларды салауатты өмір салтына баулу және дене шынықтыру негіздерін үйрету. Айта кетейік, полиция қызметкерлері балалар үйіне тұрақты барып тұрады. Спорт жаттығудан басталады, ал тәртіп сақшыларымен жаттығу - еліміздегі құқықтық тәртіп пен ұлт денсаулығының кепілі.