Саясат
Ерлан Айтаханов басқарма басшыларымен кездесті
Ал жыл соңына дейін бюджеттен бөлінген қаржыны толық меңгермеген шенеуніктер тиісті жауапкершілікке тартылатыны айтылды. Жұмысты жылдам әрі тиянақты орындауды тапсырды. 2019 жылғы бюджетте қаралған қаржыны 20 желтоқсанға дейін игеру міндеттелді. Тапсырма орындалмаған жағдайда басшыларға қатаң тәртіптік шара қолданатынын ескертті.
Сонымен бірге жиында 26 қарашада президент қол қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңа нормалар түсіндірілді.
«Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршамызға ортақ іс. Әрине, ең алдымен бүгінгі жас, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің отбасында тәлім-тәрбиесі дұрыс болуы ләзім», - деді Ерлан Айтаханов.