Weekend

Шымкентте республикалық жас ақындар айтысы өтті

Тəуелсіз елдің жастары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында "Тəуелсіз елдің жастары" республикалық жас ақындар айтысы өтті.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде ұйымдастырылған жас ақындар айтысының жеңімпазы шымкенттік Нұрғали Әнапия атанды. Тиісінше, көп ішінен дараланған айтыскерге 1 млн. теңге қаржылай сыйлық табысталды.

Сондай-ақ, 1-орынды Шығыстан келген Айшолпан Тілеутай (700 000 теңге), 2-орынды ақмолалық Дәурен Ысқақ (500 000 теңге), сонымен қатар қос 3-орынды Отырардан келген Дәурен Ақсақалов (300 000 теңге) пен елордалық Аян Ниязбек (300 000 теңге) иеленді. Одан бөлек, жыр додасына қатысқан барлық ақындарға 100 000 теңгеден сыйлық берілді.