Weekend
Шымкент әкімі жиын өткізді
Бұл бойынша ашық конкурс ұйымдастырылды. Нәтижесі бойынша Әбу Насыр әл-Фараби ескерткішіне 12 жоба бойынша 7 үміткер және Абай ескерткішіне 14 жоба бойынша 7 үміткер қатысты.
Үздіктерді анықтауға Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары, басқарма басшылары және елімізге танымал сәулетшілер мен суретшілер мүшелік етеді.
Ерлан Айтахановтың айтуынша, 2020 жыл Қазақстан үшін рухани оқиғалар кезеңіне айналғалы отыр. Себебі алдағы жылы Дала данышпаны атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық және ұлтымыздың ұлы ойшылы, ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойларын жоғары деңгейде атап өту жауапкершілігі тұр.Сондықтан бұл мерейтойға барша қазақстандықтар болып үлкен жауапкершілікпен қарайтынымызды атап өтті. Сонымен қатар ол әр қатысушының эскиздік жобасына ықыласпен қарайтынын жеткізді.
Бұл жоба бойынша 1-орынды Ерғали Мұстафаев, 2-орынды Бәймен Батухан, 3-орынды Өмірзақ Шанов иеленді.
Бұл жоба бойынша 1-орынды Әбдікәрім Ахметов, 2-орынды Құттыбек Жақып, 3-орынды Ерғали Мұстафаев алды.