Weekend
Конференцияда латын графикасына көшу мәселелері талқыланды
«Тіл. Тәуелсіздік. Тағылым» атты ғылыми-практикалық конференцияға Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығының ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, тіл мамандары мен жанашырлары қатысты.
Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығының ғалым-хатшысы Анар Фазылжан қазіргі ұсынылған латын қарпі нақты үлгі емес дейтіндердің бар екенін айтты. Себебі кириллицаның өзі 10 жылдай әртүрлі жазылып келген. Сондықтан бүгінгі латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің кем-кетіктері анықталып, сосын барып жүйеленетінін жеткізді.
«Салада қаралып жатқан сот істерінің 60 пайызы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Нағыз қазақы аймақ дегенімізбен, бұл тұрғыда өзекті мәселелер әлі де бар», - деп атап өтті Шымкент қалалық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қ.Дүйсенби.