Weekend
Жастар жылы
2019 жылдың 7 қараша күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 100-ден астам студенттердің қатысуымен «Менторлық табыс кілті» атты жастар форумы өтті.
Аталмыш шара «Жастармен мотивациялық жұмыс жүргізу үшін менторлардың 4 тобының шығуын ұйымдастыру» жобасы аясында Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Басты мақсат – әлеуметтік жоба бойынша жастармен жұмыс жүргізу барысында дайындықтан өткен 80 аймақтық тәлімгер-тренерлерді тарта отырып, олардың қоғамдағы өзектілігін арттыру болып табылады.
- Жалпы, ментор дегеніміз – жоба жетекшісіне ақысыз көмектесетін, кәсіби мақсатына жетелейтін адам. Кәсіпті алғашқы сәтінен бастап дөңгелету кез-келгеннің қолынан келмейді. «Жастар жылы» аясында менторлық оқытуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 700-ден астам өтініш келіп түскен болатын. Соның ішінен 80 ментор таңдап алынып, республикамыздың барлық өңірлерінде жастармен ынталандыру жұмысын жүргізді. Менторлық дәрежесін арттыру бойынша арнайы сертификаттар берілді. Соның нәтижесінде біз жастарға бизнесті дамытуды үйретеміз, - деді «KAZBRENDS» Қоғамдық қорының жетекшісі Расул Бахтияров.