Weekend

Шымкентте Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

Қазақ елінің ұмытылмас тұлғалары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының әкімдігінің қолдауымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да қоғам және мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың 125 жылдығына орай ғылыми конференция болды. Отырыс «Қазақ елінің ұмытылмас тұлғалары» атты тақырыппен өтті.

Конференция Шымкенттегі Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды. Шараға шет мемлекеттердің де ғалымдары мен тарихышылары қатысты.

Конференцияға келген қонақтар Тұрар Рысқұловтың өткен өмірінен сыр шертті. Сонымен қатар оның елге сіңірген еңбегі де баяндалды.  Қазақстанның дамуымен қатар Орталық Азия республикаларының, Ресей Федерациясының және Моңғолияның экономикалық өсуіне, қарыштап дамуына үлкен үлес қосқанын атап өтті

Дария Қожамжарова, ОҚМУ ректоры

«Ғылыми конференцияның мақсаты – Тұрар Рысқұловтың бейнесіне тағы да бір тоқталу болды. Оның бастамасымен елімізде Түркістан-Сібір яғни Түркісіб теміржолы салынған. Сондай-ақ қуатты өндірістік орталықтар Қарағанды қаласының көмір өндіру және металлургия кешені, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның түсті металлургиясы, Батыс Қазақстанның мұнай-газ саласы өндіріске енгізілді. Қазақстан мен Орта Азия аумағында бүкілодақтық маңызы бар ірі ұлттық қорықтар ұйымдастырылды»,-