Саясат

Шымкентке денсаулық вице-министрі келді

Камалжан Надыров қаладағы медициналық жұмыстармен танысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Шымкентке келді. Ол қаладағы медициналық сақтандыру жұмыстарымен танысып шықты. Камалжан Надыров Президент тапсырмасы қаншалықты атқарылып жатқандығын тексерді.

Министр онкологиялық орталықтағы емхананың цифрландыру жүйесімен істеп жатқандығын нақтылады. Содан соң қалалық перинаталдық орталыққа барып, жұмысын тексерді. Мұнда мамандар жүктілікпен есепте тұратын әйелдердің денсаулық жағдайын бақылап отырады. Бұл жүйенің бір ерекшелігі перзентхана мамандары ана мен баланың өлімін азайтуға ықпал жасайды.

Вице-министр сонымен қатар перзентханадағы тренинг орталыққа барып, акушер, гинеколог, неонатолог, реаниматолог сынды мамандар алғашқы медициналық қызмет көрсету бойынша біліктілігін арттырады.