Weekend

Шымкентте 8 мың орындық мешіт салынуда

Жаңа туристтік нысан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сəулетті мешіт Шымкенттің жаңа әкімшілік-іскерлік аймағында бой көтеруде. Жеке инвестор есебінен салынып жатқан мешіт кешенінде автокөлік паркингі, күннен қуат алатын құрылғылар қойылады.

Алып мешіт салынып біткен соң, Орта Азиядағы ірі мешіттердің біріне, Шымкенттің туристтік мекендерінің біріне айналады деген жоспар бар.

8 мың адамға арналған мешіттің ортасында михраб және жаздық алаң орналасқан, онда тағы 2200 жамағат намаз оқи алады. Әйелдерге арналған залдың сыйымдылығы – 930 адам.

Мұнда сонымен қатар, мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, тамақтануға арналған зал, неке сарайы, исламдық білім беру орталығы, медресе, кітапхана мен әкімшілік бөлмелер, фитнес орталық салынады. Құрылыстың жалпы көлемі – 12,0058 га. Мешіттің төрт мұнарасы бар. Ал негізгі күмбездің биіктігі – 56 метр.

Қала орталығы құбыла бағытына сәйкес келгендіктен, жаңа мешіт Шымкент қаласының орталығынан бой көтерген.

Мәрмәр тастан қаланып жатқан жаңа мешіт бір жылдан соң қала тұрғындарының игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61