Weekend
Тарихымызды ұмыту
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту (Бауыржан Момышұлы).
Тіл мәселесі - қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. ХVIII ғасырдан XX ғасырға дейінгі ұзақ жылдар бойындағы отарлаудың санаға сіңіп қалғаны сонша, әлі де құтыла алмай келеміз. Патша үкіметі өз дегеніне жетті. Себебі оның мақсаты-күштеп емес, біртіндеп орыстандыру саясаты арқылы отарлау болатын.
Қазіргі таңда дербес, тәуелсіз мемлекет болғанымызбен, орыс тілінің ана тілімізде қарағанда үлкен рөлге ие болуына жол береміз. Әрине, ол – халықаралық тіл. Оны ысырып қоя алмаймыз. Оған қоса, елімізде 140-қа жуық ұлт өкілі тұрып жатыр. Бірақ қазақ тілінің тазалығы жоғалуда. Барлығымыз қазақша-орысша араластырып, шұбырлатып сөйлейтін болғанбыз. Мұндай қылықтар жалғаса берсе, ұлттың даралығы жойылады. Себебі тіл-мемлекеттің, ұлттың негізгі діңгегі. Тілсіз ұлттың болашағы бұлыңғыр болары сөзсіз.
Қалай тілімізді дамыта аламыз? Қолдану аясын қалай кеңітуге болады? Ол үшін, ең алдымен, тіл тазалығы сақталуы қажет. Әр қазақ тілінің қандай бай әрі дара екенін ұғынуы тиіс. Осыған орай ұлттық тәрбие берілуі қажет. Неге ұлт тағдырына филологтар немесе журналистер ғана алаңдауы керек? Тіл бәрімізге ортақ.
Жастарды қызықтыратын қазақ тілінде қазіргіден де көп әндер, фильмдер, кітаптар; ыңғайлы, ықшам, пайдалы дүниелер жарық көрсе, бір пайдасы тиер. Қазақ тілін үгіттейтін, насихаттайтын қоғамдық жобалар, жұмыстар бұдан да көп жұмылдырылса нұр үстіне нұр. Себебі болашақ бүгіннен басталады. Ал тіл-болашағымыздың кепілі, негізгі іргетасы.