Weekend

Сахнадағы қорқынышты қалай жеңуге болады?

Пайдалы кеңестер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көптеген адамдардың қалың көпшілік алдында сөз сөйлегенде, не болмаса жай ғана сахнада тұрғанның өзінде қобалжитыны, сары уайымға салынатындығы бар. Психологтардың мәлімдеуінше, бұл сахна алдындағы адамның өзіне деген сенімсіздігінің бір көрінісі. Оны жеңе білу үшін адам, ең алдымен, өзіне деген күдікті ойлардан арылып, сенімділікті қалыптастыруы қажет. 

Бұл - үлкен еңбек пен ізденісті талап ететін нәрсе. Себебі кез келген адам өз қорқынышын жеңуге талпына бермейді. Көбісі оны ішінде сақтап, жасырып қалуды дұрыс деп көреді. Ал өз кемшілігіңді жеңу үшін болған күрес ең қиыны. Толықтай жеңу үшін болмаса да, қорқынышты біраз сейілту үшін кеңестер ұсынамын:

1) Адам қобалжыған кезде тыныс алуы жиілеп, жүрегі тез соға бастайды. Ал сіз қазір қалың көпшілік алдында жоба қорғайсыз. Не істеу керек? Тыныс алуды қалыпқа келтіру үшін түрлі тыныс жаттығуларын жасап алыңыз. Өкпеге емес, диафрагмаға терең тыныс алып, бірқалыпты шығарасыз. Бір сарынға келмейінше, жаттығуды қайталай беріңіз. Бұл жаттығудан кейін ұзақ уақыт сөйлеген жағдайда деміңіз таусылмайды. Сол себептен ауаны өкпеге емес, диафрагмаға алып үйреніңіз. «Ютуб» желісінде де осыған арналған көптеген жаттығулар бар.

2) Тыныс алу бір қалыпқа келгеннен соң, су ішіп алыңыз. Судың уайымды басуға, жүйкені тыныштандыруға тигізер әсері мол. Судың пайдасы ғылыми түрде дәлелденген.

3) Сахнаға шықпай тұрып, өзіңіздің сүйікті әніңізді тыңдап алсаңыз немесе жақын адамыңызбен сөйлесіп алсаңыз артық етпейді. Керісінше ойыңызды басқа жаққа аударуға көмектеседі.

4) Енді сахнада тұрсыз делік, көрермендердің барлығының назары сізде. Не айтады екен, несімен таңқалдырады екен деп біразы сыни көзбен де оқтай қадалып отыр. Бір артық қимыл істеп, орынсыз сөйлеп кетсеңіз бәрі құрдымға кететіндей көрінеді. Шын мәнісінде, олай емес. Сіздің айтқан сөзіңізді сол жиын біткеннен кейін де ұмытып кетуі мүмкін (Әрине, олар үшін маңыздылығы болмаса). Қате жіберіп жатсаңыз, сол қате жібергеніңізді мойындап, қабылдау керек. Дәл осы сәтте сіздің мойныңызда үлкен жауапкершілік бар екенін қабылдай біліңіз. Себебі, бұл факт. Сахна-киелі орын. Өрескел қателіктерге жол жоқ. Дегенмен, сіздің көрсетіліміңіздегі кішігірім қателер барлығында болады. Оны жаман дүние деп айта алмаймыз. Өйткені сіз сол қателер арқылы шыңдаласыз.Осыны түсініңіз. Қателерден қорықпаңыз және қашпаңыз. Өзіңізге есеп

бере отырып, блокнотқа жазып жүріңіз. Келесі жолы мұндай қателікке бой алдырмауға тырысыңыз.

5) Сахнада тұрғанда көзіңізді ары-бері жүгірте бермеңіз. Яғни, жоғарыға, төменге қарауға болмайды. Көрермендердің назарын баурап алу үшін сіз дн олардың көзігне тік қарау керексіз. Аудиторияда (залда) отырған көрермендердің арасынан оң, сол және ортаңғы бөліктен өзіңізге белгілі бір адамдарды белгілеп алыңыз да, үнемі сол нүктелерге көзқарасыңызды асықпай ауыстырып отырыңыз.

6) Сөз арасындағы кідірістерден қорықпаңыз. Бір сөзді қайталай бергеннен гөрі, асықпай байыппен сөйлеген жақсы.

Осындай қателіктерді түзей білсеңіз, өзіңізге сенуді үйренсеңіз, көптеген жетістіктерге жете аласыз. Барлығы өз қолыңызда.