Weekend
Қалада мереке күндері азық-түлік қолжетімді бағада сатылады
Бағасы төмен азық-түліктер қаладағы ӘКК-ның 8 азық-түлік орталығында, сондай-ақ «демалыс күндік» жәрмеңкелерде сатылатын болады. Жалпы азық-түлік тауарларының 6 түрі ұсынылған деп хабарламада жазылды. Олар: тауық еті, сиыр еті, картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат. Әкімдік аталған өнімдердің нарықтық бағадан 15-40%-ға арзан екенін де айтып өтті.
Алдағы уақытта халықты арзанырақ өніммен кеңірек қамтамасыз ету үшін сату орындарының саны да ұлғаяды деп жоспарлануда. Осы жылдың соңына дейін төмен бағамен сататын орталықтар саны 22-ге дейін көбейеді.
«Біз бағасы төмен қолжетімді азық-түлік тауарларын сату нүктелерін кеңейтеміз. Сонымен қатар, мереке қарсаңында сұраныстың жоғарылауына қарамастан, қала тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін өнім көлемі жеткілікті көлемде бар», – дейді әкімдік.
«Демалыс күндік» жәрмеңкелер мына мекен-жайларда болады: Алмалы ауданы, Гоголь-Масанчи к-сі қиылысы; Бостандық ауданы, «Қазақфильм», Жароков көшесі-әл-Фараби даңғылынан жоғары; Әуезов ауданы, Абай - Өтеген батыр к-сі қиылысы; Жетісу ауданы, «Құлагер», Сериков пен Қазыбаев көшесі.
Бұл жерлердегі жұмыс уақыты: 8.00-19.00-ге дейін.
8 азық-түлік орталықтарының мекен-жайлары: Төле би-Саин көшесі; Шаляпин-Алтынсарин көшесі; Абай-Алтынсарин даңғылы; Мыңбаев көшесі-6 желі; Абай-Момышұлы даңғылы; Абай даңғылы-Саин; Төле би-Фуркат көшесі; «Құлагер» ықшамауданы.
Мұндағы жұмыс уақыты: 9.00-21.00.
Сонымен қатар әкімдік алдағы «демалыс күндік» жәрмеңкелері бір күнге ұзартылып, 14-16 желтоқсан аралығында өтетінін де хабарламасында айтып өтті.