Weekend

«Жас отан» жастар қанаты: Алматыда белсенді жастар марапатталды

Қалада тәуелсіздік құрдастары марапатталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласының «Жас отан» жастар қанаты тәуелсіздік құрдастарының ішіндегі белсенділерін құрмет грамоталарымен марапаттады. Бұл жиында әртүрлі салада еңбек етіп, еліміздің дамуына септігін тигізіп жүрген жастардың басы қосылды.

Шара барысында тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тәуелсіздік тақырыбында әр қилы, ерекше баяндамалар айтылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы секілді марапаттар адамды жігерлендіріп, алға жылжуға шабыт береді.

Алматы қаласы «Жас отан» жастар қанатының төрағасы  Мәди Ахметовтың айтуынша, ол жиынға 1991 жылғы жастар ғана емес, басқа да жастар қатысқан. Сонымен қатар мемлекеттік емес ұйымдар да келген. Оның айтуына қарағанда, аталмыш ұйым сол жерде болған жастардың барлығына алғыс білдіру мақсатында осы шараны ұйымдастырған.