Weekend

Ана

Өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бау-бақша бар сезілмейтін аңғалға,

Мейірімнің иісі аңқыған әр талда.

Жүрегінің жартысындай көрінді

Анам маған бөліп берген жарты алма.

 

Қажет емес алтын, күміс алқаң да,

Ата-анаңды аялайтын жар таңда.

Қарызынан құтылмайсың ананың

Көтерсең де ғұмыр бойы арқаңда.

 

Ана деген мейірбан бар жалғанда,

Ана барда көзіңнен жас тамған ба?

Ана барда тоңбақ емес жанымыз

Ана барда жету оңай арманға!

 

Жәнібек Салқынбек