Weekend
Бизнес-жоба
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com«Jastar Otanga!» 2025 жылға дейінгі бағдарламасын түсіндіру жұмыстары аясында ұсыныстарды жинау басталды. Бүгін Шымкент қаласындағы ең ірі заводтардың бірі «ALEM-ВТ»-да жас мамандарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажетті ұсыныстар жинақталды.
«Жастар - Отанға!» жобасының негізгі мақсаты - жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, сонымен қатар рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және біріктіруге күш салу.
Жобалар ондаған бағыт бойынша қабылданады. Оның ішінде, медицина, қызмет көрсету, тұрмыстық қалдықтарды жою, ақпараттық технология және ауыл шаруашылығы, энергетика мен машина жасау салалары бар.
Қазіргі уақытта Қазақстан аталмыш жобаны талқылау бойынша 5 алаңға бөлінген.
- Біз Қазақстанда 5 алаңға бөлдік. Бұл нетворкингті жақсарту үшін жасалып отыр. Солтүстіктегі жастар Павлодар қаласына жиналса, оңтүстіктің жастары Шымкент қаласына жиналады, - дейді «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61