Weekend
Білім орталығы
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазіргі уақытта Шымкент қаласында төрт кітапхана бар. Оның үшеуінде коваркинг орталық ашылған.
Шымкентте «Қазақстан халқының тілдер күні» мерекесінде Абай атындағы орталық кітапханада «Нұр Отан» партиясының қолдауымен жаңа заманауи Bilim ortalygy ашылды. Бұл орталық әрі кітапхананың 65 жылдық мерейтойына орай пайдалануға берілді.
- Қоғам күн санап емес, сағат санап өзгеріп жатыр. Санамыз да өзгеріске түсуде. Жаңару мәселесі барлық салада – өте өзекті. Кітапхана ішінен Bilim ortalygy-ның ашылуын да жаңаруға қадам басу деп қабылдау керек. Бұл жерден оқырман кітаптың баспадан шыққанын да, электронды түрін де оқи алады. Қажет десе, интернеті де бар, тегін. Кітап оқимын деген оқырманға барынша барлық ыңғайлы жағдайды қарастырдық. Абай саябағының маңынан орын тепкен Абай атындағы кітапханаға келіп, кітап оқымау ұят деп есептейміз. Оның үстіне Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойламақпыз. Мұның өзінің үлкен символикалық мәні бар, – дейді «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов
- Бұл орталықтың мақсаты – жастарға мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастыра отырып, білімін шыңдау, әдебиетке деген көзқарасын қалыптастыру, жаңа заманауи жаңалықтармен дер кезінде таныстырып отыру, инттеллектуалды орта құру. Жастар өзіне қажетті мәліметтің барлығын осы жерден ала алады. Бұл жерде көпшіліктің сұранысына байланысты мотивациялық мақсаттағы кітаптар көрмеге қойылған. Қажетті ақпаратты алуы үшін компьютермен, интернетпен жабдықталған, – дейді кітапхананың әдіскері Гүлжан Садық.