Weekend

Тәуелсіздігім – тәңірден келген тәтті сый

Мерекелік іс-шара

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тәуелсіздік күні – халқымыз үшін ерекше, қасиетті күн. Ата-бабаларымыз азаттыққа жету үшін ақтық демдеріне дейін айқасып, қасық қаны қалғанша күресіп өтті. Халқымыздың ғасырлар бойы  аңсаған арман-тілегі 1991 жылы 16 желтоқсанда орындалды. Тәуелсіздіктің 28 жылында елімізде қазақ тілінде білім беретін мектептер мен балабақшалар саны өсіп, экономика, медицина, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп салалары дамып, болашаққа деген жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылды. Әлемде 6 мыңнан астам этнос бар, соның 287-сінде ғана мемлекет бар. Сондықтан тәуелсіздіктің қасиетті де  ұлы ұғым екенін естен шығармауымыз қажет.

Тәуелсіздік күніне орай Елбасы, Н.Ә.Назарбаев білім алған Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында «Тәуелсіздігім – тәңірден келген тәтті сый» атты іс-шара болып өтті. Мерекелік концертте гимназия оқушылары тәуелсіздік күніне арналған әндер мен шығармаларды орындап, Президент күніне орай Нұрсұлтан қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында Президент Қасым Жомарт Тоқаев пен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қатысумен өткен іс-шарада Елбасына арнаған өлеңін оқыған Рабдан Өмірхан және Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған мәнерлеп оқудан «Менің Қазақстаным» республикалық байқауында бірінші орын алған Пірмағанбет Зарифа мен «Ақындар мектебінің» оқушылары өлеңдерін оқыса, Қадырова Аяулым «Менің қазағым» әнін орындап, көңілді тебірентті. 

Іс-шара аясында 5-сынып оқушылары «Жас ұлан» ұйымына қабылданып, Абайтанушы, ардагер ұстаз Ақылия Бекбайқызы бастаған мектеп ұстаздаздары мен үздік оқушылары «Жас ұландықтарға» төсбелгілері мен галстуктарын тағып, ізгі лебіздерін білдіріп, естелік суретке түсті. Мерекелік кешті 5-сынып оқушылары «Жас ұлан» әнімен  аяқтады.

Абай атындағы орта

мектеп-гимназиясының

11-сынып оқушысы

Айсұлу Съезхан