Weekend
Алматылықтарға мемлекеттік марапаттар тапсырылды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМарапат иелері: ғылым мен мәдениетті, экономика мен қоғамдық келісімді, өнер мен спортты дамытуға үлес қосқан көптеген мұғалімдер, медицина қызметкерлері, құрылысшылар, қоғамдық көлік жүргізушілері.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, марапат иелерінің сіңірген еңбектерін атап өту үлкен құрмет. Оның айтуына қарағанда марапатталушылардың әрқайсысы өздерінің күнделікті еңбектерімен қаланың дамуына үлес қосуда, мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтуда.
«Парасат» орденіне ғылыми қызметкер Ғайникен Бибатырова; Қазақ ССР-інің халық артисі Лаки Кесоглу; Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов; ғылыми қызметкер Клара Хафизова ие болды.
«Құрмет» орденімен «Сентрас Капитал» Холдинтік компания» директорлар кеңесінің төрағасы Елдар Әбдіразақов; Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу-техникалық университетінің профессор-зерттеушісі Зинеш Әбішева; «Милосердие» Ерікті қоғам» қайырымдылық қорының директоры, бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин; режиссер Ахан Сатаев; Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай марапатталды.
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталғандардың арасында «Алматы көпір контрукциялары зауыты» ЖШС №3 цехының арматурщигі Василий Горбун; «Алматыэлектротранс» ЖШС троллейбус жүргізушісі Алғашбай Жармедетов; «Алматыметроқұрылыс» АҚ тау департаментінің үңгушісі Ережеп Жаукенов; «Алатау Жарық Компаниясы»АҚ желілерді бөлу Басқармасының аға шебері Алмас Омаров; «Метрополитен» МҚК электропоезының машинисі Андрей Секиркин; еңбек ардагері, «Алматыэлектротранс» ЖШС троллейбус жүргізушісі Анатолий Черенов бар.
Сондай-ақ бірнеше алматылық «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен аталды.
Бақытжан Сағынтаев өзі бекіткен қаланы дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін «Еңбегі үшін» төсбелгісімен қаланың бірқатар қоғам қайраткерлерін марапаттады. Олар: Қазақстанның мүгедектер ұйымы Одағының төрағасы Әли Аманбаев; №2 қалалық босандыру үйінің босандыру бөлімінің меңгерушісі Тамара Шакирова және т.б.
Сонымен қатар біршама қалалық «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалімен, Nur Otan партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісіне ие болды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61