Саясат

«Алматы-2050» даму стратегиясы: Жоба ресми түрде қабылданды

Стратегия ресми түрде қабылданды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мереке қарсаңында «Алматы-2050» даму стратегиясы ресми түрде қабылданды.

Алда келе жатқан 30 жылда Алматы жаңа экономика, кеңістік және коммуникациялар атты негізгі принцип бойынша дамиды.

Алматы – қуатты бизнестің, белсенді азаматтық қоғам мен тең мүмкіндіктердің қаласы. Ал басты байлығы – халқы. Қаланың алдағы 30 жыл ішіндегі даму жоспары тәптіштеп жазылған құжат қараша айында халыққа таныстырылды. Содан бері 1000-нан астам адам өз пікірін айтқан. Күні кеше ғана өткен Урбан форумда алып шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев көпшілік алдынла «Алматы 2050» стратегиясының соңғы нұсқасын таныстырған еді. 

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевты қала тұрғындарының Алматыға бейжай қарамайтыны қуантады. Оның айтуынша, бұл стратегияны дайындауға мемлекеттік құрылымдар, тұрғындар және мамандар белсенді көмектескен. Бақытжан Сағынтаев құжатты жариялаған бір ай ішінде халықтан мыңнан аса ұсыныс түскенін де айтып өтті. Ұсыныстарды бағыттар бойныша бөліп, 100-ден астамы стратегияға қосылған. Сонымен қатар ол көмек көрсеткендері үшін халыққа алғысын білдірді.

Қаланы дамытуға 2020 жылы 738 миллиард теңге жұмсау жоспарда бар. Келесі жылы білім, денсаулық сақтау салалары және қоғамдық инфрақұрылымды жақсартуға қаржы көбірек бөлінеді деген жоспар тұр. Білім саласына 280 миллиард теңге, денсаулық сақтауға 7,7 миллиард, ал әлеуметтік салаға 26 миллиард теңге жұмсалады.

Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Қайыровтың айтуынша, қалалық бюджет дамытудың болжамды параметрлеріне және Алматы даму бағдарламасына сүйене отырып жасалды. Ресми деректер бойынша, бірінші жарты жылдықта жалпы өңірлік өнімнің өсімі 4,1 пайызды құраған. 11 айда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 5,1 пайызға өскен. Инвестициялар көлемі 4,9. Инфляция деңгейі Алматы қаласында 4,4 пайызды құрайды.

Даму жоспарын іске асыру үшін қала әкімдігі жанынан стратегиялық кеңес құрылады деп жоспарланды. Ұйым ұзақ жыл сайын ашық есеп береді.