Weekend
Жыр мүшәйрасы
Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен "Береке басы бірлік" қоғамдық форумы аясында "Шымкент – қайырымды қала" атты іс-шара өткізілді.
Қалалық "Отырар Кітапханасында" 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай өткізілген салтанатты шарада Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева айтулы мерекемен құттықтап, "Береке басы – бірлік" тақырыбында өткен жыр мүшәйрасы жеңімпаздарын марапаттады.
Сонымен қатар, шара барысында "Береке басы – бірлік" жыр мүшайрасы жеңімпаздарының жырлар жинағының тұсауы кесілді.