Weekend
Тәрбие
Қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы ұрпақ қамына негізделген. Басты мақсат – балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына, нәтижесінде батылдық, ептілік, тапқырлық, күштілік, төзімділік, адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған.
Осы орайда «Шымкент-ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасы» аясында орталықтың ұйымдастыруымен «Достық, бірлік – туымыз!» тақырыбында ұмыт бола бастаған ұлттық ойындарды насихаттау аясында №69 мектеп оқушыларымен бірлесе сайыс өткізді.
Ойын барысында балалар “Арқан тартыс”, “Асау мәстек”, “Бұқа тартыс”, «Қасқыр мен қойшы», асық ойындары, тағы басқа ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсіп, жеткіншектер аса қызығушылығы мен белсенділіктерін көрсетті.
Сайыс соңында жеңімпаздарға орталығымыз тарапынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.