Weekend

Шымкент кітапханасында балаларға арналған тарихи-танымдық шара өтті

Тәуелсіздік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Оқырмандарға қызмет көрсету» секторының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы Д.Нұрпейісова атындағы №116 жалпы орта мектеп ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік – тірегім» тақырыбында тарихи-танымдық сағат өтті.


Кеште Тәуелсіз еліміздің еркіндігі мен азаттығы жайында жырлар айтылып, патриоттық әндер орындалды.

Іс-шара аясында Желтоқсан оқиғасына қатысты әдебиеттер мен деректі материалдар қойылып, кеңінен насихатталды.

Тәуелсіздік – ол ұлттық мемлекеттік, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршендік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек.

Біз тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басымыздан өткіздік, енді осы тәуелсіздігімізді қадірлеп қастерлеп, халқымыздың әл ауқатын жақсартуға, экономикасын ары қарай көтеруге, мемлекетіміздің гүлдеп жайнауына, демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында аянбай еңбек етуіміз қажет.