Weekend

Шымкенттің Абай музейінде мерейтой бойынша шара өтті

Рухани жаңғыру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған жағдаяттарды жүзеге асыру жолында Шымкент қаласындағы Хакім Абай музейінің ұйымшыл ұжымы көптеген ізгілікті де игілікті шараларды жүзеге асырып келеді.

Жақында «Жаныңда жүр жақсы адам» айдарымен «Рухани жаңғырудың бастауы – мәдениет пен өнер» тақырыбында белгілі абайтанушы ғалым, «Абайтану» ғылыми орталығының ұстазы, филология ғылымының докторы Мақсат Әліпханұлымен қатысуымен арнайы  іс-шара  өткізді. Мақсат – Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірттердің  жүрегіне ұялату арқылы өлеңді мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту болатын.

Басқосу барысында Мақсат Әліпханұлы Абайды оқу арқылы кез келген адам өзінің ой-өрісін кеңейтіп, айналаға деген көзқара өзгере бастайды. Оқып, білім алуға, ерінбей еңбек етуге талпыныс жасайды. Кештің қадірменді қонағы оқырмандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, іс-шараның мазмұнды өтуіне барынша ықпал жасады.

Шымкент қаласында орналасқан Ыбырай  Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық балалар кітапханасының мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Гүлзира Тұрғынбаева өз сөзінде Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің тәлім-тәрбиелік мәніне тоқталып, көпшілікті ұлы ақынның кітаптарын оқуға шақырды.

Кездесу кешіне  қатысқан №31 мектептің ұстаздары мен оқушылары Абайдың өлеңдерін жатқа оқумен ерекшеленді. Ән-күйден шашу шашылып, көтеріңкі көңілде өткен басқосудан көпшілік ризашылық сезімде тарасты.