Weekend

Саттар Ерубаев атындағы мектепте «Мәңгілік ел» апталығы жарияланды

Білім мен тәрбие

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тəуелсіздігіміздің 28 жылдық мерекесі қарсаңында «Мəңгілік елдің - тарихы терең, болашағы жарқын» тақырыбында Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейінде тарих, география апталығы жарияланды.


- Апта бойы мектеп оқушылары ашық сабақтар мен пəндік сайыстар, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының мамандарымен бірлескен саяхат сабақ, сыныптан тыс: “Мұстафа Шоқай жолымен”, “Қылмыссыз балалық шақ”, “Тұғыры биік-Тəуелсіздік”, “АҚШ-мінсіз мемлекет”, “Мұражай-өткен мен болашақты жалғастырушы” тақырыптарында өтетін іс-шараларға қатысып, өздеріне пайдалы əсер алады деп ойлаймыз, - дейді мектеп әкімшілігі.