Спорт

Шымкентте ойын алаңшасы пайдалануға берілді

Спорт нысандары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тәуелсіздіктің мерекесіне орай Шымкент қаласында жаңа бірнеше ойын алаңшалары ел игіліне тапсырылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты ашылуға арнайы қатысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.

- Шымкент қаласы күннен күнге көркейіп, абаттанып келеді. Алдағы уақытта да сүйікті қаламыз одан әрі гүлденетін болады. Шымкент – мәдени, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамыған шаһарға айналмақ. Келер жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы, «екінші ұстаз» Әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Абайдың 175 жылдығын атап өту жоспарымыз солардың айғағы. Біздің негізгі мақсат – бюджетке жүк салмай, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктер және жеке инвестициялар тарту арқылы қордаланған мәселелерімізді шешу. Міне, бүгін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылып отырған спорт алаңшалары тұрғындарының сүйікті демалыс аймағы мен жастарымыздың шынығатын негізгі орнына айналатынына бек сенімдімін. ды Егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай, - деді Ерлан Қуанышұлы.

Айта кетейік, аталмыш нысандарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «STRONG SERVICE» ЖШС-і жүзеге асырды. Дәлірек айтсақ, бұл компания 11 ашық спорт, 4 балалар ойын алаңшаларын және 5 тренажер алаңшасының құрылысын аяқтады. Жалпы, инвестиция көлемі 550, 7 миллион теңгені құрады.