Weekend
Мәдени шара
"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында жазушы, аудармашы, ғалым, экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Мырзагелді Кемелдің оқырмандармен кездесу кеші өтті. Басқосу барысында кеш иесінің жеке музей-кабинеті ашылды.
Мырзагелді Кемел руханият саласында 10 кітап шығарған, соның ішінде өзі жазған ізгілікке, имандылыққа, білім-білікке, ақыл-парасатқа үндейтін танымдық-көсемсөздік еңбектерге қоса, қытай ақылмандары – Лао Цзы мен Конфуцийді, испан пәлсапашысы Бальтасар Грасиан, ежелгі үрім және грек ақылмандарының афоризмдерін, қазіргі ілімдерді насихаттаушы Луиза Хей, қазіргі күннің ең атақты жазушыларының бірі Пауло Коэльолардың таңдаулы еңбектерін қазақ тіліне тәржімалаған. «Абзалдық әліппесі», «Өзіме сабақ» сияқты кітаптары оқырман қауымнан жоғары бағасын алған. 2004 жылы экономика ғылымының докторы атанған.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, 14 монографияның, 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы.