Weekend

Шымкент қаласы халқының тіл меңгеруі қандай деңгейде?

Адам капиталы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының хабарлауынша, Шымкент қаласындағы халық саны – 1 023 768 адам.

Оның ішінде: мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың саны – 678 750 адам (92,2%), орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың саны – 630 029 адам (85,7 %), ағылшын тілін меңгерген халық үлесі – 183 176 адам (17,9 %), үш тілді меңгерген тұрғындардың үлесі – 125 853 адам (12,3 %).

- Тілдерді оқыту әдістемелік орталығында жыл басынан 1570 адам білім алды. Олардың: 462-і латын графикасын, 435-і қазақ тілін, 86-ы орыс тілін, 587-і ағылшын тілін меңгеріп шықты, - деп хабарлайды басқарма.

Тіл үйренушілердің 359-ы мемлекеттік қызметші болса, 1211-і бюджеттік салалардың азаматтары. Ұлттық құрамы: 1306-ы қазақ, 146-ы орыс, 55-і өзбек, 63-і өзге де этносты құрайды.