Bugin

Алматы әкімі ЖЭЦ-2-ні газға ауыстыру туралы айтты

Қаладағы экология мәселесін негізінен қоқыс, ЖЭЦ-2, қоғамдық көліктер мен автомобильдер туғызып отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бақытжан Сағынтаев Kazakhstan Urban Conference - 2019 конференциясында Kazakhstan growth forum өкілі Елдар Әбдіразақовпен диалог құрды. Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, диалог кезінде қала басшысы қазір Алматыда экология мәселесіне көңіл бөлініп жатқанын айтты. Оның айтуынша қаладағы экология мәселесін негізінен қоқыс, ЖЭЦ-2, қоғамдық көліктер мен автомобильдер туғызып отыр.

ЖЭЦ-2-ні газға көшіру керек. Бұл әкімдіктің құзырындағы іс болса, оны бұрында шешер едік. Солай болған күннің өзінде оны түбегейлі шешпей тынбаймыз. Бұл мәселені шешкенде Алматы ауасын ластап жатқан жылу электрцентралы немесе көліктер екені анық болады, - деді Бақытжан Сағынтаев.

Әкімнің айтуынша, жыл соңына дейін ЖЭЦ-2-нің зиян қалдықтары мәселесін шешу бойынша "Самұрық Энерго" өкілдерімен кездесу өтеді.

Қала экологиясының бәріне қатысы бар. Әкімдіктің басы ретінде осы мәселені шешуді басты назарға алып отырмыз, - деді Алматы басшысы.