Weekend
Оқыту
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comШымкент қаласындағы тілдерді оқыту-әдістемелік орталықтың тынымсыз еңбектерін, маңызды істерін көзіқарақты азаматтардың бірі білсе, бірі біле бермейді.
Аталған орталық мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның маңызы мен мәртебесін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, үш тілді жетік меңгерген жастарды ынталандыру және латын қарпін үйретудің түрлі жолдарын қарастырып, көптеген байқаулар мен семинарлар өткізіп, мемлекетке жүйелі түрде белсенді қызмет көрсетуде. Қалалық тілдерді оқыту орталығының бастамасымен қаңтар айынан бастап жергілікті газет беттерінде «LATYN ÁLİPBIİN ÚIRENEMİZ!», «ІСҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУДІҢ ТҮРЛІ ҮЛГІЛЕРІ» айдарлары ашылып, тұрақты түрде ақпараттық-тәжірибелік сабақтар жарияланып, 200 дана әдістемелік құрал әзірленіп, қаріп үйренушілерге таратылған.
Сондай-ақ, қала тұрғындары үшін «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында «Латын әліпбиі» кабинеті ашылып, аптасына екі рет «Латын әліпбиін үйренейік» ақысыз курсы тұрақты өткізілуде.
Қаланың ересек тұрғындарын тілдерді және латын әліпбиін оқыту курстарына шақыру мақсатында Д.А.Қонаев даңғылы мен Қазыбек би, Ильяев көшелерінде билбордтар ілінген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61