Weekend

Шымқалада қандай танымал спорты нысандары бар?

Спорт саясаты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шырайлы шаһардағы Қажымұқан атындағы, «Динамо», «Локомотив», «Металлург» секілді жеті стадион, 100-ге жуық спорт зал, бес  жүзу бассейні, үш  спорт кешені, жеңіл атлетикалық манеж бүгінде қалың жұртшылықтың  игілігіне қызмет көрсетуде. Қалада футбол, гинастика, ат спорты, қысқы спорт түрлері  бойынша спорт  мектептері жұмыс істейді.

Даңқты спортшылар аллеясында танымал саңлақтардың есімі жазылған.  Олардың арасынан әлем спортының аңызына айналған танымал гимнастшы, Олимпиада, Әлем және Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы Нелли Кимнің  бес Олимпиадалық медаль жеңіп алғанын бәріміз жақсы білеміз.

Азияның абсолюттік чемпионы атанған көркем гимнастика шебері Әлия Юсупова атындағы қос бірдей спорт мектебі болашақ олимпиадашыларды әзірлеуде. Бокстан Олимпиада чемпионы атанған Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебінің шәкірттерінен де үлкен үміт күтуге болады.

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының атақ-даңқы алысқа кеткен. Олар Қазақстан кубогы, Суперкубогымен қоса-қабат қола медальді жеңіп алған. «Биік» футболшы қыздар командасы да кәрі құрлық ойындарында тәп-тәуір өнер көрсетіп жүр.

Қала тұрғындарының 30 пайызын  бұқаралық спорт түрлеріне тарту бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда, футбол, волейбол, үлкен және үстел теннисін, жеңілатлетиканың жүгіру түрін, сондай-ақ велоспортты дамытуға мол мүмкіндік жасалған. Спорт шаһарына айналған Шымкентте көптеген Халықаралық және ресубликалық деңгейде спорт жарыстарын өткізу дәстүрге айналып келеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61