Саясат

Ержан Бабақұмров МӘМС енгізуге дайындықты пысықтады

Алматыда қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалық етуімен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша өңірлік штабтың отырысы өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, МӘМС қоры жыл басынан бері медициналық көмек көрсету үшін жалпы құны 116,8 миллиард теңге болатын 178 медициналық ұйыммен келісім шарт жасады.

2017 жылдың шілдесінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 1,4 миллион теңгеден астам адамға қаржы түскен. Алматыдан Қорға түскен барлық сома көлемі 48,1 миллиард теңгеден асқан.

Мегаполисте МӘМС енгізу бойынша қаланың медицина қауымдастығымен жүйелі түрде оқу семинарлары өткізіліп келеді. Бүгінгі күнге дейін 14 мыңнан астам медициналық қызметкер білімдерін жетілдірді.

Айта кетерлігі, кепілдемелі көлем аясында медициналық көмек көрсететін барлық 176 медициналық мекемеге медициналық ақпараттық жүйе енгізілген, - деп жазылған хабарламада.

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қолданыстағы ақпараттық жүйелер бұрын әзірленген және техникалық тапсырмаларды орындау үшін нақтыланған талаптарға сай толықтыруларды қажет екенін айтты.