Weekend

Шымкент-Циркте тәуелсіздік мерекесіне концерт өтті

Мәдени шара

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент-Цирк мекемесінде тәуелсіздік мерекесіне орай "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" атты қайырымдылық концерт өтті.


Шарада №4 балалар үйінің өнерлі өрендерінің жанды тебірентер көріністері көпшіліктің көңілін тербетті. Ал өз кезегінде Шымкент қалалық Полиция департаменті өкілдері жас буынның жайдары өнеріне ерекше тәнті болып, арнайы марапаттарын ұсынды. Сондай-ақ, цирктің кәсіби өнерпаздарының өнері де кеш көркін қыздыра түсті.

- Егемендік алып, көк туымызды тіктеген күн - тәуелсіз елдің рухы биік ұрпағының қашанда жадында сақталары хақ. Бейбіт күннің ашық аспанында қыраны қалықтап, өнерлі ұрпақ аға буынның сенімінен шыға білсе, үміттің ақталғаны, мақсаттың орындалғаны, - деп біледі шараны ұыймдастырушылар.