Bugin

Ел дамуына үлес қосқан алматылықтар марапатталды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Тәуелсіздік күні қарсаңыда Президенттің атынан ел мен қаланың дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградаларды табыс етті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, марапатталғандардың қатарында ғылым мен мәдениеттің, экономика мен қоғамдық келісімнің, өнер мен спорттың дамуына еңбек етіп жүрген мұғалімдер, медицина қызметкерлері, құрылысшылар мен қоғамдық көлік жүргізушілері бар.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, білім, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау саласындағы үздік студенттердің, мемлекеттік қызметшілердің, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің, азаматтық қоғам өкілдерінің, энергетика, қаржы, құрылыс, туризм және бизнес саласындағы қызметкерлердің сіңірген еңбегін атап өту мен үшін үлкен мәртебе. Олардың әрқайсысы күнделікті жұмысымен қаланың дамуына үлес қосып, тәуелсіздікті нығайтады, - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

"Парасат" орденімен "Ғылым ордасының" ғылыми қызметкері Ғайникен Бибатырова, Қазақ КСР халық Артисі Лаки Кесоглу, жазушы, Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Клара Хафизова марапатталды.

"Құрмет" орденімен наградталғандардың қатарында "Сентрас Капитал" холдинг компаниясының директорлар кеңесі төрағасы Елдар Әбдіразақов, Сатпаев университетінің профессор-зерттеушісі Зинеш Әбішева, "Қайырымдылық" ерікті қайырымдылық қорының" директоры, балалар құқығы жөніндегі комиссар Аружан Саин, режиссер Ақан Сатаев, Алматының бас имамы Еркінбек Шоқай және тағф басқалары бар.

Бұл марапаттармен қоса, алматылықтар IІІ деңгейлі "Еңбек Даңқы" ордендерімен, "Ерен еңбегі үшін" және "Шапағат" медальдарымен, "Еңбегі үшін" төсбелгісімен, "Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл" мерейтой медалімен, "Белсенді қызметі үшін" Nur Otan партиясының төсбелгісімен марапатталды.