Weekend
Мәдени қор
Шымкенттегі «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қоры алдағы жыл (2020 ж.) ұлы ақын Абайдың туғанына 175 жылдық мерейтойына орай шығарылған кітаптармен толықты: Абай (Ибраһим Құнанбаев) "Шығармалары" және жерлесіміз, ақын әрі аудармашы Төре Рахманның "Сөзбиі" кітабы".
Абайдың "Шығармалары" кітабында ақынның өлеңдері, поэмалары, аудармалары және қара сөздері жинақталған.
Масатшы ақын Төре Рахманның "Сөзбиі" кітабы туралы айтатын болсақ, ұлы ақынымыз Абай өлеңді сөздің патшасы десе, Төрегелді ақын өлеңді сөздің биі дейді. Өлең, сөз арқылы билік айту, төрелік ету, ақиқатты жария ету мағынасында сөз биі деп алып отырғанына көз жеткіземіз. Екінші жағынан, ақын сөзді билетіп, құбылтып, өз ойын жеткізуде шебер пайдалана білуді сөздің биі деп есептейді. Осы арқылы қаламгер қазақ тілінің өте бай екендігін дәлелдеп отыр. Ақынның тың туындысы оқырмандарды бейжай қалдырмайтынына сенеміз.