Weekend

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі балалардың арасында «Алтын күз» мерекесі өтті

Мәдени шара

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қабылданған «Кедергісіз кітап» әлеуметтік жобасы аясында кітапхана мүмкіндігі шектеулі жандармен, №8 әлеуметтік мекемеде, «Мейірім» балаларды оңалту орталығы, «Үміт» мектеп-интернаты, Қарттар үйі, Ардагерлер үйі мен түзету мекемелерінде, т.б. әлеуметтік мекемелерде тұрақты түрде іс-шаралар өткізеді және бірнеше жылжымалы кітапхана пункттерін ашқан. Осындай тұрақты байланыс «Ерекше жол» қоғамдық қорымен де орнатылған.


3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында «ерекше» балалардың белсенді ата-аналары құрған «Ерекше жол» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Алтын күз» мерекесі өтті. Мереке аясында күз туралы жыр оқыған «ерекше» балаларға «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының атынан директор орынбасары Г.Алпысбаева кітаптар табыстады.

- Біз балаларымыздың өмірін қызықты, толыққанды еткіміз келеді. Біздің балаларымыз көпшіліктен қорықпаса, ал қоғам олардан сырт айналмаса дейміз. Біздің жоспарымызда балаларымызға арналған орталық ашу мақсаты бар. Біздің диагноздарымыз туралы және онымен қалай өмір сүру қажеттігі туралы, «ерекше» балалалардың ата-аналарына қалай көмектесу керектігі туралы қоғамды тарта отырып, акциялар ұйымдастырсақ дейміз. Сондай-ақ, ата-аналарға көмектесу үшін клуб ашсақ деп жоспарлап отырмы, - дейді «Ерекше жол» қоғамдық қор жетекшісі Роза Беркешова.