Weekend

Шымкент қалалық кітапханасы жаңа әдеби кітаппен толықты

Әдеби сын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының қоры көрнекті әдебиет сыншысы, түріктанушы Құлбек Ергөбектің «Баянсөз» атты әдеби сын кітабымен толықты.


Бұл кітапқа С.Қожанұлы, Н.Төреқұлұлы, Б.Аралбаев, Д.А.Қонаев, Н.Оңдасынов, Ж.Тәшенов, Ө.Жәнібек сияқты қоғам қайраткерлері, Б.Кенжебайұлы, Ә.Нәжіп, Қ.Айымбетов Ш.Айтматов, М.Жолдасбеков, Ә.Хайдари, Ш.Мұртаза сынды түріктік тұлғалар, Ж.Арыстанов, В.Шкловский, Л.Хамиди, Е.Рахмадиев, Ш.Қалдаяқов, Ә. Сығай, Р.Сейтметов, Е.Шаймерденов секілді ақын, жазушы, актер, режиссер, композитор, өнер жайсандары жайында тұлғатану портреттік толғамдары, сондай-ақ қазақ әдебиетінде бұрын сөз болмаған мемуар, эпистолярлық жанр, деректі, деректі-ғұмырнамалық әдебиет туралы талдама сын, зерттеу мақалалары еніп отыр. Болашақ жас ұрпақты кемеңгер тұлғаларды тануға, тәлім-тәрбие алып, өнеге-өрісін кеңейтуге бағытталған кітапты оқуға шақырамыз.