Weekend
Мәдени шара
Бүгін «Көрме орталығының» ұйымдастыруымен «Имандылық-күллі тәрбиенің атасы» атты жастармен кездесу кеші өтті.
Кешке Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» маманы, дінтанушы – Әбілхаиров Исмаил Ибрагимұлы және Шымкент қаласы «Қаттани» мешітінің наиб-имамы – Қалдаров Берік Жақыпбекұлы қатысып, имандылық және қоғамымызда орын алып жатқан жемқорлық жайында әңгіме өрбіді.
Іс-шара барысында жастарды имандылыққа бет бұруға, басқа діни ағымдарға бет бұрып кетпеу жөнінде және жемқорлықтың алдын алу, күресу керектігі жайында өзекті мәселелер талқыланды. Кешке қатысқан жастар тарапынан да көкейлерінде жүрген сұрақтар қойылып, өз пікірлерімен бөлісті.