Weekend
Мәдени шара
Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде мемлекет және қоғам қайраткерлері - ағайынды Ораз Жандосов пен Оразалы Жондосовтардың мерейтойларына орай, сондай-ақ Нәзір Төреқұловтың туылғанына 127 жыл толуына байланысты "Ардақтысы халқының" атты тарихи-танымдық іс-шара өтті.
Шараға құрметті қонақтар ретінде №8 әлеуметтік оңалту орталығының емделушілері шақырылды. Шарада №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің өнерпаздары өз өнерлерін жиналған қауымның назарына ұсынды. Шара барысында қонақтарға "Нәзірдің жарық жұлдызы" фильмі (режиссер Тілеген Ахмет, сценариін жазған Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі директорының орынбасары Гүлмира Серікбаева Алдоңғарқызы) көрсетілді.
Іс-шара соңында №62 Н.Төреқұлов атындағы ЖОМ-нің өнерпаз оқушылары және мектеп директоры Әлия Асқарқызына "Алғыс хаттар" табысталды. Шараға шақырылған №8 әлеуметтік оңалту орталығының емделушілеріне музей атынан 28 қараша күні Жастар ресурстық орталығында өтетін концерт билеттері сыйға тартылды.