Weekend

Шымкенттік жасөспірімдер үстел теннисінен жарысқа қатысты

Спорттық шара

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылғы 12 желтоқсан күні Шымкент қаласындағы кәсіподақтар үйінің спорт залында «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Шымкент қаласы №6 теннис спорт мектебінің бірлесе ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік күні мерекесіне» орай «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылыққа қарсы» үстел теннисінен спорттық іс-шараның ашылу салтанаты өтті.


Жарыстың салатанаты мемлекеттік гимн қоюдан басталып, барлық қатысушылар көк туға құрметпен қарап бой түзеді және гимнді орындады.

Аталған спорттық жарысқа «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі қолдау көрсетіп, салтанатты жиында бірлестік төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов құттықтау сөз сөйлеп, жасөспірім спортшылар мен жаттықтырушыларды мерекемен құттықтады.

Егемен Қазақстанның жас буын ұрпақтарына - бүгінгі тәуелсіздіктің маңызы мен қадірі туралы баяндап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа 70-ке жуық 8-12 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысуда.

Жарыс жеңімпаздарын марапаттау және іс-шараның жабылу салтанаты 13 қарашаға жоспарланып отыр.