Weekend
Мәдени шара
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЕлбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Отырар» кітапханасында «Қаламгермен қауышу» жобасы бойынша жазушы, драматург Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Захардин Қыстаубайұлының шығармашылығына арналған «Қарымды қаламгер, қажырлы қайраткер» атты кездесу кеші өтті.

Кешке ақын-жазушылар, журналистер, кітапхана басшылары мен жоғары оқу орындарының студент жастары қатысты. Іс-шараны журналист, ақын, аудармашы Әбдісаттар Әліп жүргізді. Кеш барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында әңгіме қозғалды.
Әдебиетші Ж.Оразалиева қаламгердің «Рухани жаңғыру» аясында жарыққа шыққан «Жүректің сөзі» атты кітабына талдау жасап, журналистика мен әдебиет арасындағы байланысы жайында айтты. Студенттер қаламгердің өлең, жырларын оқып, ән шырқалып кеш әсерлі өтті.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61