Weekend

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры жылды жақсы қорытындылады

Мәдениет ордасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының негізін қоғам қайраткері, кезінде облыстық партия комитетін бірінші хатшысы қызметін атқарған Асанбай Асқаровтың мұрындық болуымен 1983 жылы ашылған еді.

Бұл театрдың алғашқы директоы Н. Мустакиди, бас режиссері Б. Парманов және бас суретшісі М. Дәуренбаева болды. Бүгінде 36 жылдық тарихы бар өнер ұжымы қоғамымыздағы уақыт белестерінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді.1994-2006 жылдары театр жұмысына В. Малюченко жетекшілік етті. Бұл кезде театр режиссері Тастанбек Өтебаев болатын. Аталған жылдарда қойылымдар  екі тілде сахналанды. 2007 жылы театр директоры болып Марта Ташенова тағайындалды. Театр ұжымы республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2014 жылдан театр жұмысын Бақтияр Спанов басқарып келеді. Жас басшы келгелі театр тамырына қан жүгіріп, жұмыстары заман талабымен үндесіп, жандана  бастады. Аталған жылы бұл ұжым "Жылдың ең үздік мәдениет және өнер мекемесі" атанды.

Баршаға мәлім 2019 жыл - жастар жылы. Осыған орай театр ұжымы шығыс шайыры Г. Низамидің "Ләйлі-Мәжнүн" қойылымын сахналады. Мұнан өзге театр репертуарында 120- дан артық қойылымы бар. "Биылғы жылдың қаржылық жоспарын асыра орындап отырмыз. Сонымен бірге біздің театр қайырымдылық шараларына да белсене қатысуда'- деді бізге берген сұқбатында Шымкент қалалық жасөспірімдер және қуыршақ театрының директоры Бақтияр Спанов. Атап өтеріміз, бұл театрда әр жексенбі  сайын Шымкент қаласының қонақтарына, ата- аналар мен балаларға түрлі тақырыптағы қойылымдар тегін көрсетіледі.  "Қыз-қуыршақ, бала құлыншақ"- деп өседі. Балғындарды театр сахнасындағы қойылым кейіпкерлері тәрбиелейді. Оларды жақсыға үндеп, жамандықтан жирендіреді. Театр, әсіресе, балалар өнер ұжымы нағыз тәрбие ордасы. Олай болса, отбасыңызбен театрға келіңіздер. "Қуантсаң, баланы қуант"- дегендей балғындарыңызға театр арқылы қуаныш сыйлаңыздар.