Weekend
Мәдени шара
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада оқырмандар арасында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ә. Нұрпейісовтің 95 жылдығына орай «Адамзат тағдырының жыршысы» атты іс-шара болып өтті. Іс-шарада қалам иесі, ұлт мақтанышы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 95 жылдық мерейтойлық мерекесіне арналып отыр.
Шын мәніндегі қазақ әдебиетінің классигі, Кеңес Одағы Мемлекеттік сыйлығының иегері Әбдіжәміл Кәрімұлы қазақ әдебиетінің дамуына қомақты үлес қосқан көрнекті шығармашылық тұлға. Қазақтың жазба әдебиеті аса бай тарихы бар үлкен әлем. Сол көркемсөз саласына Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов сынды әдебиет алыптарының ізін жалғаған Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер», «Соңғы парыз» сияқты шығармалары әдебиеттің алтын қорына салынған үлкен үлес саналатын асыл қазына. ХХ ғасырдың екінші жартысында жарық көріп, әлем оқырмандарының назарын аударған «Қан мен тер» трилогиясы әлем әдебиеті ойшылдарының үздік бағасына ие болды. Шығарма, кино, театр сахналарынан көрініс тауып, әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. Өз шығармаларында кейіпкерлер болмысы арқылы ұлт бейнесін сомдады, тұрмыс - тіршілігін жан – жақты аша білген Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туындылары тек өз әдебиетіміздің ғана емес, сонымен қатар әлемдік әдебиеттің қорына өзіндік орнымен қосылған алтын құйма десек артық айтқандық емес. Әбдіжәміл Кәрімұлының ұлт руханиятына қалтқысыз қызмет еткен шығармалары жалпы ортаға жол тартары сөзсіз.
Іс-шараға келген оқырман қауым Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармалары бойынша өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды қойып, маңызды мәліметтер мен ауқымды ақпараттар алып, тамырларын шығармашылықпен нәрлендіріп тарасты.