Weekend
Мәдени шара
30 қараша Индустриалды-құрылыс колледжінің кітапхасында орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Орымбетованың ұйымдастыруымен "Елбасы Ел тірегі" атты кеш өтті. Сондай-ақ колледждің кітапхана жетекшісі О.Скукис арнайы көрме жасады.
Жиынға колледж директорының ТІЖ орынбасары Н.Ерғазы және колледж ұстаздары қатысты. Тәуелсіздік таңы атқан кезден бастап халқымыз жаңа Қазақстанның негізін қалап, қалып-тастыруды Н.Ә.Назарбаевқа сеніп тапсырды. Уақыт осынау маңызды таңдаудың дұрыстығын дәлелдеді.
Оның шынайы егемендіктің негізін қалауға, тиімді экономиканы қалыптастыруға, үйлесімді қоғам құруға және ұлт тарихының жаңа кезеңіндегі ел дамуының басымдықтарын анықтауға бағытталған көпқырлы қызметінің мазмұны мен мәні Қазақстанның Тұңғыш Президентін қазіргі мемлекеттігіміздің негізін қалаушы әрі ұлттың нағыз көш-басшысы екендігі жөнінде өткізілген жиында студент жастарға тарихи маңызды тұлға екендігі паш етілді.