Weekend

Бас прокуратура: 16 желтоқсан митингке шыққандар жазаланады

Бұл адамдар «Бейбіт митинг өткізу» заңын бұзып отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР-ның бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев ертең, 16 желтоқсан, Тәуелсіздік күні өтуі мүмкін митингке қатысушылардың "жазаланатынын" ескертті.

Қазақстан халыққа 16 желтоқсанда митингіге шықпау туралы ескерту мәндегі үндеу жасады. Дембаевты ресми мәлімдемесінде «бас прокуратураның түсіндіру жұмысына қарамастан жеке адамдар, соның ішінде шетелде жүргендер әлеуметтік желі арқылы алда келе жатқан мереке күні заңсыз митингіге шақырып жатыр. Бұл адамдар «Бейбіт митинг өткізу» заңын бұзып отыр. Олар заңға сай митинг өткізетіндерін айтып, он күн бұрын жергілікті органдарға өтініш берген жоқ» делінген.

Ведомство өкілі «митинг туралы хабарланғанға дейін ұйымдастырушылар белгіленген күнге дейін 10 күн бұрын жергілікті атқарушы органдарға жазбаша өтініш бермегенін» алға тарта отырып, ертең өтуі мүмкін тағзым жиынын «заң талабын айқын бұзады» деп біледі.

Қысқа қайырып айтқанда, прокуратура «Тәуелсіздік күні санкцияланбаған митинг ұйымдастырушылар мен қолдаушылар әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық байқалады, ал олар қандайда бір елеулі зиян келтірсе – қылмыстық жауапқа тартатынын» ескерткен. Бас прокурордың орынбасарының сөзінше, ел халқын  «арандатушылық жасамауға, қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және заңсыз митингілерге қатысудан бас тартуға шақырады».

Әдетте, Қазақстан билігі рұқсат етілмеген митинг-шерулерге қатысушы азаматтарды жаппай ұстап, оларды "заң шеңберінде" әртүрлі жауапкершілікке тартады. Қазақстан соты тыйым салған «Қазақстанның демократиялық партиясы» шақырған жалпыұлттық шеруді құзырлы органдар заңсыз деп санайды. 1986 жылы және 2011 жылы болған қайғылы оқиға күні елдегі «Оян, Қазақстан», «Қазақстанның демократиялық партиясы» және «Халық құрылтайы» азаматтық-саяси қозғалыстары да алаңға тағзым етуге шығатынын хабарлаған еді.